Жаңалықтар

28 қаңтар 2019
Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Жаир Мессиас Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минас-Жерайс штатындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осындай қиын сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза тапқандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына көңіл айтамын.

Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар