Жаңалықтар

21 мамыр 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Қостанай қаласы

Мемлекет басшысы өңірге жұмыс сапары барысында «СарыарқаАвтоПром» автомобиль құрастыру кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа зауыттың даму перспективалары мен жаңа өндіріс қуатын қалыптастыру стратегиясы жөнінде баяндалды. Содан кейін Қазақстан Президенті шанақтарды бояйтын әмбебап цехтың және ірі бөлшектер арқылы құрастыру әдісі бойынша (DKD) автомобильдерді сериясымен шығару цехының жұмыстарымен танысты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның бүгінде әлемдік сапа стандартына сәйкес заманауи жоғары технологиялық экономика құрып жатқанын атап өтті.

Кәсіпорын қазіргі уақытта Ankai, MAN, JAC және HYUNDAI автомобиль маркаларын шығарады.

Сонымен қатар, осы салада жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар Қазақстан Президентіне өздерінің жобасын таныстырды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары