Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

2 мамыр 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қайнар АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Алматы облысы, Талдықорған қаласы

Мемлекет басшысы кәсіпорынның аккумулятор батареяларын құрастыру жұмысымен, шығарылатын өнімдердің үлгілерімен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің қолдауымен облыс орталығындағы кәсіпорында кең көлемде модернизация жүргізілгенін атап өтті. Соның нәтижесінде өткен жылы өндіріс көлемін 2,5 миллион аккумуляторға дейін артырып, ТМД елдеріне, Германияға, Польшаға, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттауға мүмкіндік алған. 

Қазақстан Президенті еңбек ұжымымен кездесу барысында, зауыттың бәсекеге қабілеттілігі нығайып, жаһандық нарыққа экспорттау мүмкіндіктерін арттыра алатындарына сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу