Жаңалықтар

24 мамыр 2014
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разак Қазақ ұлттық өнер университетінің есеп беру концертін көрді

 

Концертте ҚазҰӨУ-дің мектеп оқушылары мен дүние жүзіне табысты гастрольдік сапармен шығып жүрген студенттік ұжымдары әлемдік музыка өнері классиктері мен қазақ халық композиторларының шығармаларын орындады.

Сонымен қатар университет ректоры, ҚР халық әртісі А.Мұсақожаева мәртебелі қонақтарды халықаралық конкурстарда жүлделі орындар алып жүрген студенттердің және оқытушылардың көрмеге қойылған жұмыстарымен таныстырды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу