Бөлімдер санаты
Сөйлеген сөздер
Оқиғалар күнтізбесі
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 
 
 
 
 
 
1
2345678
9101112131415
1617181920
21
22
23242526272829
30
 
 
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар

Сөйлеген сөздер

31 мамыр 2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

Менің тапсырмам бойынша 28-31 мамырда «Жусан» арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі табысты өтті. Сириядан отандастарымыздың кезекті тобы оралды. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының жүйелі жұмыстарының және шетелдік серіктестермен тығыз ықпалдастықтың арқасында қақтығыс аймағынан 171 бала шығарылды. Қазақстанға оралған соң, олар оңалту шараларынан өтіп, барлық қажетті көмек алатын арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды.

Жусан» гуманитарлық операциясы – ауқымды акция. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды және былтырдан бері жүзеге асырылуда. Кешенді шаралар нәтижесінде қақтығыс аймағынан Отанымызға 357 бала қайтарылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Жусан» операциясының басты мақсаты болды.

«Жусан» гуманитарлық операциясының қорытындылары мемлекетіміздің өте күрделі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті екенін көрсетті.

Осы операцияға қатысқан арнайы қызмет өкілдерінің, дипломаттардың, әскерилердің бәріне тапсырылған жауапты миссияны абыроймен орындағаны үшін алғыс білдіремін.

Елге оралған отандастар жаңа өмір бастауға, ал балалар бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алды.

Біз өз азаматтарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігін алдағы уақытта да қорғайтын боламыз.


Барлық сөйлеген сөздер
 
Басқа сөйлеген сөздер мен үндеулер
Барлық сөйлеген сөздер мен үндеулер