National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады

2023 жылғы 04 желтоқсан

Мемлекет басшысына облыстың биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы мәлімет берілді.

Президентке берілген ақпаратқа сәйкес, осы жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі 4,4 триллион теңге болады деген болжам жасалып отыр.

Қазіргі таңда инвестициялық жобалардың жалпыұлттық құрамына аймақтан құны 1,1 триллион теңге болатын 42 жоба кірген.

Биыл сомасы 77 миллиард теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Өңірдің агроөнеркәсіп кешенінде 37 ірі жоба орындалады. Оларға салынатын инвестиция мөлшері – 236,4 миллиард теңге.

Қазақстанда алғаш рет жылына 4 мың тонна сұйық лецитин өндіру үшін күнбағыс тұқымын терең өңдеу әдісі енгізіліп жатыр. Шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалуда. Атап айтқанда, осы бағыттағы жобаларға 22 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген.

Сонымен қатар Президентке 2024 жыл облыста Жол жылы деп жарияланғаны туралы айтылды. Жолдарды жөндеуге және салуға бөлінетін қаржыны екі есе ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы 600 шақырым жолды және көшелерді жөндеу жоспарланған. 

Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Риддер жылу электр орталығында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 6 қазандық агрегаты жөнделді. Бүгінде Риддер тұрғындары жылумен қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, кездесуде шекара маңынан Марқакөл және Катонқарағай атты екі жаңа аудан құру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев өңір халқының өмір сүру сапасын арттыру маңызды екенін атап өтіп, Шығыс Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндет жүктеді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 27 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2024 жылғы 02 наурыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2024 жылғы 13 ақпан

Д.М. Малахов туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің