National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық Арена» спорт кешеніне барды

2021 жылғы 22 қыркүйек

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенін аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт кешеніндегі жаттығу залдары таныстырылды. 2500 адамға арналған спорт кешенінде баскетбол, волейбол, футбол, жеңіл атлетика, бокс, дзюдо, ауыр атлетика, суда жүзу, шағын футбол сияқты спорттың 19 түрімен шұғылдануға жағдай жасалған.

Президент кешенде жаттығып жүрген спортшылармен әңгімелесу барысында спорт саласы, бұқаралық спорт түрлерінің дамуы мемлекеттің ерекше назарында болатынын, барлық өңірде заманауи спорт нысандарының салынып жатқанын айтты. Мемлекет басшысы спортшылардан болашақта әлем және олимпиада чемпиондары шығатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға табыс тілеп, естелік суретке түсті.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің