Бөлімдер санаты
Нормативтiк құқықтық актiлер

Нормативтiк құқықтық актiлер

Жарлықтар
4 шілде 2019
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының
3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдар арасында штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

    Президенті

 

 

                              Қ. Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 1 шілде

 

№ 46


Барлық нормативтік құқықтық актілер
 
Другие указы
Все указы