National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысына қатысты.

Жиын барысында Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары халықаралық және өңірлік ахуал туралы пікір алмасып, Ұйымның қазіргі жағдайы мен дамыту перспективаларын талқылады. 

Сонымен қатар Ауғанстандағы әскери-саяси ахуалдың қазіргі жағдайы мен елдің одан әрі дамуына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Халықаралық терроризм, киберқылмыс, есірткінің заңсыз айналымы сияқты қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларына да баса мән берілді.

Ғизат Нұрдәулетов сөйлеген сөзінде әріптестеріне Ұйым қызметінің маңызды бағыттары туралы өз ұстанымын айтып, Қазақстанның мүддесін ілгерілету және ҰҚШҰ-ның одан әрі үйлесімді дамуы жөнінде бірқатар ұсыныс берді.

Дәл осы күні ҰҚШҰ ҚКХК отырысына қатысушы – делегация басшыларын Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян қабылдады.

ҰҚШҰ-ға Армения Республикасы төрағалық ететіні ескеріліп, Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысы 2022 жылдың  екінші жартысында Ереванда, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында өтетін болды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару