Жаңалықтар

20 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылы бірінші рет жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді.
47.jpg

Қарағандыда ел Президенті облыс активімен кездесіп, онда облыстың жаңа әкімін таныстырды. Облыс әкімі болып осыған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарған Нұрлан Нығматулин бекітілді.

 

-Нұрлан Нығматулин Қарағанды облысында тәрбиеленген сіздердің жерлестеріңіз, басқарушылық үлкен тәжірибеге ие. Соңғы уақыт аралығында ол Үкіметте жұмыс істеді, Астана қаласы әкімінің орынбасары болды, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары ретінде өңірлік даму мәселелерін үйлестірді. Ол қай жерде де өзін ең жауапты учаскелерде табысты жұмыс атқаруға қабілетті білікті басшы ретінде танытты. Енді жинақтаған барлық тәжірибесі мен білімін ол Қарағанды облысында пайдалана алатынына сенімдімін,-деді Мемлекет басшысы жаңа әкімді таныстыру кезінде.

 

Белгілі болғандай, 2006 жылғы 19 қаңтардағы Президент Жарлығымен облыстың бұрынғы әкімі Камалтин Мұхамеджанов Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі болып тағайындалды.

Н.З.Нығматулинді тағайындау туралы Жарлықты мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар