National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланысты Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады

2016 жылғы 18 тамыз

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Елеусіновті  бокстан жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

«Жылдар бойы тынымсыз төгілген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәтижесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шыныққан шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға зор денсаулық пен бақыт, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің