Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

11 маусым 2019
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон сұхбаты

Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

– Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз, – деді А.Гутерриш.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның БҰҰ-мен ықпалдастығын одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық Ұйымның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары