Жаңалықтар

19 мамыр 2014
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді

 

Сапар барысында Қазақстан Президенті Шанхай қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қытайлық компаниялар басшыларымен кездесу өткізеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысады, онда тұрақтылықты нығайту және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланбақ.

 

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар