National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Президент «Жерұйық - Талдықорған» АӨК» ЖШС-ға барды

2014 жылғы 19 тамыз

 

Мемлекет басшысына нысанды аралау барысында өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуы,  кәсіпорынның жұмысы мен жоспарлары жөнінде баян етілді. Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру, сақтау және сатумен айналысатын кешеннің жұмысы таныстырылды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев облыстың ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен әңгімелесіп, мемлекет ұдайы дамуына көңіл бөліп отырған осы саланың маңыздылығын атап өтті.

Бұл орайда Мемлекет басшысы аграрлық сала өкілдерінің ішкі нарықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай отырғанына тоқтала келе, саланың бірқатар кемшіліктерін атап көрсетті. Қазақстан Президенті инновациялық жобалардың жоқтығына мән бере отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің тиімділігі жеткілікті деңгейде емес екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік жиынтық өнімнің 65 пайызын облыстың тек екі  ауданы – Іле және Қарасай ауданы ғана қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.

– Мемлекет өңір үшін қажеттінің бәрін жасауда. Субсидия, лизингке техникалар берілуде, жалпы қаржыландырудың 75 пайызын мемлекеттен аласыздар. Сөйте тұра сіздердің тараптарыңыздан ешқандай бастама жоқ, ал қолда бар мүмкіндіктер пайдаланылмайды. Қазір Ресейге көкөніс пен жеміс-жидек жеткізуге, сол арқылы табыс табуға болар еді, алайда бұл бағыттағы жұмыс нашар жүріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мақсатсыз пайдаланылып жатқан жер учаскелерін анықтау үшін ревизия жүргізу қажеттігін айтты.

– Жерді шын мәнінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға, өсірілген өнімнен пайда табуға мүдделілерге берген жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде аграршылар ескертулердің орынды екенін айтып, саланы дамытуға бар күш-жігерлерін жұмсауға уәде берді.

«Жерұйық - Талдықорған» АӨК» ЖШС-ның өндірістік қуаты жалпы алаңы 6900 шаршы метр коммуналдық базарды, сыйымдылығы 6000 тонна болатын 3 көкөніс қоймасын,  сыйымдылығы 400 тонналық жеміс-жидек сақтау қоймасын, алаңы 4800 шаршы метр жылыжай кешенін, тамшылатып суғару жүйесі және дербес қазандығы бар 25 гектар жеміс бағын қамтиды. Кәсіпорында 86 адам жұмыс істейді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің