National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-де болды

2014 жылғы 06 тамыз

 

Мемлекет басшысы кәсіпорынды аралау кезінде вагондарды құрастыру өндірісіне арналған технологиялық жабдықтарды іске қосу және қолдану барысымен танысты.

Қазақстан Президентіне кәсіпорынның өндірістік қызметі және жүк вагондарын шығаруды локализациялау туралы баяндалды. 

Нұрсұлтан Назарбаев цехтарды аралап көріп, кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті.

«Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-нің өндірістік қуаты 2000 жартылай вагон және 500 жабық вагон шығаруға жетеді. Онда 619 адам жұмыс істейді. 2014 жылы фитингтік платформалар шығару жобасын, ал 2015 жылы цистерналар шығару жобасын жүзеге асыру жоспарланған.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің