National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Насир Абдуләзиз әл-Насермен кездесті

2018 жылғы 10 қазан

Мемлекет басшысы съезге қатысқаны үшін Насир Абдуләзиз әл-Насерге ризашылық білдіріп, Өркениеттер альянсы Қазақстанның осы бастамасына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

– Қазақстан көпконфессиялы мемлекет ретінде конфессияаралық диалогты дамыту ісіне өз үлесін қосуда. Бұл Өзіңіз өкілдік ететін ұйымның мақсаттарына сай келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі форумға қатысуға мүмкіндік берілгені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Қазақстанның әлемдегі мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті дамыту ісіндегі рөлі айрықша екенін атап өтті.

– Мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне үшінші рет қатысып отырмын. Бұған дейін мен ешқашан осыншама дін өкілдерімен кездескен емеспін. Елдеріңіздің өркениетаралық диалогты дамыту жолындағы күш-жігерін жоғары бағалаймын, – деді Насир Абдуләзиз әл-Насер.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға және қоғамдағы өзара келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін Насир Абдуләзиз әл-Насерді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 20 мамыр

Мемлекет басшысы «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді

2024 жылғы 21 мамыр

Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді

Жарлық

2024 жылғы 17 мамыр

Н.И. Қилыбайды тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің