Жаңалықтар

27 наурыз 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

 

Кездесу барысында А.Мұхамедиұлы мәдениет пен өнер саласында білікті кадрлар даярлау үшін ұлттық мектепті одан әрі дамыту жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы мәлімдеді.

Қазақстан Президенті зияткерлік ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндетті іске асыру аясында мамандарды оқытудың маңыздылығын атап өтіп, академиядағы оқу процесін жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіруді тапсырды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар