Жаңалықтар

8 тамыз 2005
Ақордада Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бекизизве Уиздом Джила Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды

236.jpg

«Қазақстан Президентімен болған кездесу - екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға серпін болады және біздің елдеріміздің арасындағы тиімді экономикалық ынтымақтастықтың маңыздылығының айғағы», - деді елші Елбасымен болған кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында.

 
    Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы наурыздың 5-іне орнатылған болатын. 2003 жылдың желтоқсанында Алматыда Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшілігі ашылды. 

 
    Оңтүстік Африка Республикасы - Африканың басқа елдерімен салыстырғанда саяси тұрақты, экономикалық инфрақұрылымы дамыған және алмас, алтын, хром, платина, ванадий, марганец және андалузиттің ірі барланған қоры бар ел. 2004 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 7 миллион 300 мың долларды құрады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар