National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы, Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

2013 жылғы 15 наурыз

 

Мемлекет басшысы С.Цзиньпинді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы сессиясының сәтті өтуімен және Қытай Халық Республикасының төрағасы лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтады.

Қазақстан Президенті бұл оның басқарушылық тәжірибесінің мойындалуы, ҚХР халқының әл-ауқатын арттыру және Қытай коммунистік партиясын дамыту жөніндегі қызметінің нәтижесі болып табылатынын атап өтті.

«Сіздің басшылығыңызбен партия Қытайды әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белесіне көтеретініне және халықаралық аренада елдің бекем беделін нығайтатынына сенімдімін» делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап көрсетті.

«Екі ел арасындағы тиімді ынтымақтастықтың қарқынды дамуы біздің халықтарымыздың игілігі мен өсіп-өркендеуіне бағытталатынына кәміл сенемін» деп атап өтілген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық және Қытай халқының игілігіне бағытталған қызметіне табыс тіледі.   


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің