National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады

2020 жылғы 07 қаңтар

Облыс әкімі Мемлекет басшысына аймақтың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ өңірдің әлеуетін одан әрі нығайту жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Даниал Ахметовтің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында инвестиция көлемі артқан, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі байқалады.

Облыс әкімі Президентке атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа форматын іске асыру барысы жайында мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев облыста тұратын әрбір аз қамтылған отбасының жағдайына мұқият талдау жасап, оларға көмек көрсету жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Көп балалы отбасыларға қатысты да осындай тапсырма берілді.

Сонымен қатар Даниал Ахметов Мемлекет басшысына осы жылдың екінші жартыжылдығында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталатынын хабарлады. Президент бұл нысанның әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды екенін атап өтіп, көпір құрылысы аймақ халқының едәуір бөлігін жол тауқыметінен арылтатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовке Абайдың 175 жылдығын өткізуге, соның ішінде, Жидебайдағы мұражай мен қонақ үй кешенінің құрылысына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы әкімнің өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жұмысына оң баға беріп, Шығыс Қазақстан облысының ғылым-білім және медициналық әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларын атап өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 06 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді

2024 жылғы 16 сәуір

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің