National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтауы

2014 жылғы 30 тамыз

 

Қымбатты отандастар!

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

19 жыл бұрын осы күні халқымыз бүкілхалықтық референдумда Қазақстанды зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде жариялаған Ата заңды қабылдады.

Конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық қоғамымыздың ерекше құндылықтарын құрайды.

Мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституцияның әлеуеті жоғары экономикалық өрлеу мен азаматтар әл-ауқатының артуын қамтамасыз етеді.

Біздің Конституциямыз «Қазақстан – 2050» Стратегиясының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі жөніндегі тарихи мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың берік негізі болып табылады.

Келесі жылы республикалық референдумда еліміздің Конституциясының қабылданғанына 20 жыл толады. Ата заңымыздың мерейтойы жалпымемлекеттік деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен бірге тойланады. Осы екі айтулы оқиға жылнамамыздағы ортақ байланысты құрайды.

Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбітшілік пен ынтымақ, табыс пен құт-береке тілеймін! 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің