National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин дипломатиялық қызметі аяқталып, отанына оралғалы отырған Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Валерий Брылевті қабылдады

2013 жылғы 06 наурыз

 

В.Брылев Қазақстан басшылығына жылы шыраймен қабылдағаны және толыққанды дипломатиялық қызмет атқаруға қолайлы жағдай жасағаны үшін шынайы алғысын білдірді. Ол өзінің Астанада жұмыс істеген жылдары экономика, мәдениет және өнердің түрлі салаларындағы Беларусь-Қазақстан ынтымақтастығын дамыту тұрғысынан жемісті болғанын атап өтті. Дипломат екі елдің мемлекетаралық қатынастары анағұрлым жоғары сапалы деңгейге көтерілгенін айтты.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Беларусь дипломатиялық миссиясының басшысына ЕурАзЭҚ, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық процестерді тереңдетуге қосқан қомақты үлесі үшін алғыс айтты, сондай-ақ оның бейбітшілік пен достықты нығайту ісінде одан әрі табысқа жетуіне тілектестік білдірді.    


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің